18:09 Сүйіп өтем | |
СҮЙІП ӨТЕМ
Goşgular
Мына дүние қайғылы емес соншама, Көңілді деп айтар жөнім бар ма еді. Айнып кетер қыз да емес ол саған, Сондықтан да сүйіп өтем мәңгі оны. Куаныш пен қайғы егіз қашанда, Соңғы күн де жетер мені таң қылып. Бұл дүниені тастап кетем мен сонда, Достарым мен жауларымды қалдырып. Кімдер біздің арамызда от жақпақ, Елең қылмай көтеремін оны мен. Кете алмаймын жүрегіме кек сақтап, Бұл дүниеден өтем ашық көңілмен. Көңілденем гүлін көріп көктемнің, Құлақ түріп құс үніне ертемен. Таудан аққан селдей болып өтемін, Махаббаттың отына да өртенем. Үрей кешкен жанды көрсем - қыс болам, Тоңғандарға жылу алып жетемін. Мен қолыма адал нанды ұстаған, Күнәдан пәк күйімде сол өтемін. Тауларымның ұлылығын қасиеттеп, Мен олармен бірге болдым жасымнан. Бұл дүниеден өтем соны әспеттеп, Өмір солай ауса деймін басымнан. • Аллаяр ЧУРИЕВ (1949 ж.т.) Ақын, журналист, Түрікменстан комсомолы сыйлығының лауреаты (1989 ж.). Балқан облысы Мақтымқұлы ауданы Көне Кесир ауылында туған. Мақтымқұлы атындағы Түрікмен мемлекеттік университетін бітірген. «Яш Коммунист», «Мыдам тайяр» («Әрқашан дайын»), «Политический собеседник» газеттерінде, т.б. орындарда жұмыс істеген. Қазіргі кезде Әдебиет және тіл институтының қызметкері. «Чынар», «Жер үні», «Бата», т.б. кітаптардың, ондаған танымал әндердің авторы. # "Tүpікмен поэзиясы", Алматы-2012. | |
|
√ Ýolma guşuñ ganatyn / Goşgular - 07.09.2024 |
√ Öwrülip gül başyna bilbil wysal olgaý oňa / Goşgular - 28.09.2024 |
√ Walid ogly sen Halid / Goşgular - 29.05.2024 |
√ Hamd ede / Goşgular - 29.05.2024 |
√ Şert / Goşgular - 09.02.2024 |
√ Betbagt adam / Goşgular - 22.10.2024 |
√ Kargär duşmaz hadaňy-tognaýy-duşman maňa... / Goşgular - 12.09.2024 |
√ Pyşyrdylar / Goşgular - 07.09.2024 |
√ Musanyň kelamy / Goşgular - 25.06.2024 |
√ Eý, ýagyş möwsümimiz, aýralyk bilen aglaýan... / Goşgular - 27.08.2024 |
Teswirleriň ählisi: 0 | |